Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

1 Қаңтар, 20:30 569

1 қаңтар сағат 20:00-де еліміздің үш өңіріндегі көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Мұндай шешімге ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қостанай облысында: 
- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан  Ақмола облысының шекарасына дейін);

Ақмола облысында:
- «Жезқазған-Петропавл»  377-536 шақырым, (Қостанай облысының шекарасынан Бұзылық ауылына дейін);

Ұлытау облысында:
-  "Жезқазған-Петропавл" автожолының 136-252 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін)

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, бұл трассаларды 2 қаңтар сағат 09:00-де жолды ашу жоспарланған.

Жолдардағы ахуалға қатысты қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына тәуліктің кез келген уақытында хабарласып алуға болады.  

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: