Үш мыңға жуық адам Қазақстан азаматтығынан айырылды

2 Желтоқсан 2022, 19:53 1340

44 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қос азаматтық фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
2022 жылдың басынан бастап Ақмола облысының аумағында қос азаматтығы бар 2 617 адам азаматтығынан айырылған.

Олар Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша айыппұл түрінде жаза қолданылған.

Ал Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған 44 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

EL.KZ
Бөлісу: