«Үш бөлмелі пәтер, 30 млн теңге»: Астана әкімі Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

19 Қыркүйек, 16:08 621

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Парижде өткен жазғы Паралимпиада ойындарынан жүлдемен оралған елордалық спортшылар мен олардың бапкерлерін марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімі дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 30 миллион теңге ақшалай сыйақы табыстаған. Ал спортшының жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 миллион теңге берілген.

Сонымен қатар пара дзюдодан күміс жүлде иеленген Ерғали Шәмейге 2 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 25 миллион теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 миллион теңге табыс етілді.

Жеңіс Қасымбек ақшалай сыйақы демеушілер тарапынан берілгенін мәлімдеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: