US Open: қазақстандық теннисші екінші айналымға шықты

31 Тамыз, 17:15 471

Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас сында АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, қазақстандық спортшы финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге алғашқы айналымда жарыстың бірінші ракеткалары, канадалық Габриэла Дабровски – ұлыбританиялық Джо Солсбериді ұтты.

Есеп -  4:6, 7:6, 10:8.

Анна Данилина – Харри Хелиоваара ширек финалға шығу үшін испаниялық Кристина Буча – Йоран Флигенмен таласады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: