Үржар тұрғыны "жүктімін" деп жазадан қашпақ болды

12 Сәуір 2023, 19:56 996

Абай облысы Үржар ауылының тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін істі болып, жазадан қашу үшін сотқа "жүкті" екені туралы жалған анықтама берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жауап алу кезінде құқық бұзушы жүктілігі туралы қарама-қайшы айғақтар бере бастады. Осыған назар аударған прокурор істі қарауды кейінге қалдыруды сұрап, медициналық құжаттарды тексерді. Тексеру нәтижесінде жүктілік туралы анықтама жалғандығы анықталып, прокуратура күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін құжаттарды полицияға жолдайды. 11 наурызда Үржар аудандық сотының үкімімен 385 бабының 3 бөлігімен, яғни сотқа жалған құжат ұсынғаны үшін кінәлі деп танылып, оған айыппұл салынды, - делінген Абай облысы прокуратурасының хабарламасында.

Сонымен қатар, сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды және көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылды. Осылайша, әкімшілік жауапкершіліктен құтылмақшы болуға тырысқан азамат, керісінше, өз жағдайын одан әрі ушықтырып, қылмыскер атанды.

EL.KZ
Бөлісу: