Үржар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды

21 Шілде 2023, 20:39 701

Абай облысындағы Үржар ауылының әуежайын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Әуежайдың ұшу-қону жолағын аэровокзал ғимаратын қайта құру» жобасы 2020 жылы жасалған. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Пайдалану басталған кезден бастап, яғни 2008 жылдан бері Үржар әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізілген жоқ.

Облыс орталығының әуе айлағы үшін ұшу-қону жолағын, такси жолын, перронды қайта жаңарту, жарық белгі беру жабдығын орнату, периметрлік қоршау және т.б. жұмыстар жасалынды.

Бүгінде жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы 2100 метр. Қайта құрудан кейін Fokker 50, Bombardier CRJ-200, Bombardier Q400, Embraer EMB 120ER сияқты әуе кемелеріне қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды.  Осылайша, модернизациядан кейін Үржар ауылының әуежайында шағын авиациялық ұшақтарды ғана емес, сонымен қатар Embraer, Bombardier және т.б. санатындағы ұшақтарды қабылдауға жағдай жасалды.

Туристік маусым кезінде «Оңтүстік аспан» авиакомпаниясы Алматы және Семей қалаларына, ал «QAZAQ AIR» авиакомпаниясы Астана қаласына әуе рейстері ашылды. Билеттердің бағасы субсидиялау есебінен төмендетілген.

Перизат Саденова
Бөлісу: