Елордада тұрғын үй кешендерінің бірінде балаларға шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада подъездердің бірінде ер адамның алдымен бір баланы бетінен ұрып, екіншісін теуіп, тағы біреуін қылқындырып жатқаны көрсетілген.
Байқоңыр аудандық полицейлер осы үйдің 30 жастағы тұрғынын қамауға алды.
Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.