«ҮРКЕР-2024» бәйгеге өтінім қабылдау уақыты 10 қыркүйекке дейін ұзартылды

29 Тамыз, 16:43 878

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР-2024» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау уақыты 10 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, конкурстық жұмыстар 2023 жылдың 7 тамызы мен 2024 жылдың 11 тамызы аралығында республикалық, өңірлік және халықаралық баспа және интернет-басылымдарда жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:

Жылдың үздік сұхбаты

Жылдың үздік репортажы

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал

Жылдың үздік журналистік зерттеуі

Жылдың үздік аналитикалық материалы

Жылдың үздік жаңалықтар порталы

Радиостанциядағы үздік жоба

Жылдың үздік фотосуреті

Үздік өңірлік БАҚ

Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында)

Үздік подкаст

Үздік YouTube каналы

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «ҮРКЕР» - 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.

 «URKER» - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: