ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы Бішкекте өтеді

Бүгiн, 16:29 123

ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы Бішкекте 2025 жылы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі кезекті сессиясының кеңейтілген құрамдағы отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясын 2025 жылдың IV тоқсанында Қырғыз Республикасында өткізу ұсынылады. Егер қарсылық болмаса, бұл мәселені келісілді деп санап, тиісті хаттамалық шешімді рәсімдеуді ұсынамын. Қарсылық жоқ, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

EL.KZ
Бөлісу: