Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz хабарлайды.
Сонымен қатар Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Ал Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.