ҰҚК көрші елден қару-жарақ контрабандасының жолын кесті

27 Наурыз, 10:36 434

Жыл басынан бері 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, бл қарудың едәуір бөлігі «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қару тәркілеген).

Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркелуде. Яғни ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он бірлік қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады, - делінген мәліметте.

Қару-жарақ көліктің қаптамасына айлакерлікпен жасырылып, әрі ҚР азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: