ҰҚК екі ескірті тобын ұстады

11 Қараша, 09:55 305

Биылғы қазанда ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен қатысушылары есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 келіден астам гашиш пен 42 кг марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: