Университет жанынан ашылған цех тәулігіне 7 тоннаға дейін жеміс-жидек өнімін дайындайды

4 Қазан, 01:20 418

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ботаникалық бағында орналасқан «Жеміс-жидектерді өңдеу өндірістік цехы» өз өнімдерін сатылымға шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен ашылған цех жұмысы бүгінде қарқынды. Қазіргі таңда онда 13 түрлі өнім дайындалады. Атап айтқанда, кептірілген өрік пен алма, алмұрт, банан, алмұрт пен өрік пастиласы, асқабақ, күнбағыс дәні, жаңғақ қосылған өрік пастиласы мен табиғи сусын қоспалары бар.

Цехтың барлық өнімдері университеттің ботаникалық бағында өсетін жеміс-жидектерден жасалады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аталған өнімдер қолжетімді бағада облыс көлемінде ғана емес, Қазақстан бойынша таратылып отыр.

Айта кетейік, цехта алдағы уақытта басқа да өнімдер нарыққа шықпақ. Өндірістік цех заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Онда жемістерді жуу, кесу, кептіру, сұрыптау, орау, сақтау сынды қызмет түрлері орындалады. Шағын өндіріс орнының 1 тəулікте 5-7 тонна өнім өңдеуге мүмкіндігі бар.

Перизат Саденова
Бөлісу: