АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада биатлоншы Александр Мухин ел қоржынына сегізінші медальды әкелді, деп хабарлайды El.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Мухин масс-стартта екінші болып, «күмістен» алқа тағынды. Ол жеңіс межесіне 24,8 секунд қалыс қалды. «Алтынды» француз Аксель Гарнье иеленді. Қола жүлде норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенгке бұйырды.
Биатлон. ерлер
Масс-старт. 15 шақырым