Үндістанға ұшатын әуе рейстерінің саны артады

29 Қаңтар, 14:06 404

Көлік министрлігінің хабарлауынша, 20 сәуірден бастап «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға жаңа рейстер ашады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рейстерді аптасына үш рет Airbus ұшақтары орындайды. Осылайша, елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуе компаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.

Қазіргі уақытта Алматы – Дели (Air Astana және IndiGo әуе компаниялары аптасына 7 рейс орындайды), Алматы – Гоа (SCAT – 2 рейс) және Астана – Гоа (Fly Arystan – 2 рейс) бағыттарында тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: