Үндістанда жас жігіт тұшпараны шектен тыс көп жеп көз жұмды

24 Шілде 2023, 09:00 954

Үндістанда ер азамат тұшпараны шектен тыс көп жеп қойып көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барда ішімдік ішіп отырған үш дос кім көбірек непалдық тұшпара жей алады деп бәс жасасқан. 150 тұшпараны бір-ақ жеген 25 жастағы жігіт достарының алдын орап кеткен. Бірақ сол жерде есінен танып қалған.

Оқи отырыңыз:

Тез арада ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: