Үміткер Нұрлан Әуесбаев ауыл тұрғындарымен кездесті

26 Қазан 2022, 17:08 2285

Сайлауалды науқан аясында үміткер жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді

26 қазанда ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе облысына сапармен келді, деп хабарлайды El.kz

Аймақтағы сайлауалды науқан аясындағы сапарының алғашқы нүктесі Бестамақ ауылына соғып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Іс-шара ауылдық мәдениет үйі қабырғасында өтті.

Ауыл тұрғындары үміткерге тікелей кент арқылы өтетін «Ақтөбе-Астрахань» тас жолына байланысты шағымданды. Бүгінгі күні жобаға сәйкес кеңейтіліп жатқан бұл жол елді мекенді екіге бөліп отыр. Сонымен қатар жолдағы көлік ағыны қозғалысы өте қарқынды: тас жол бойымен жеңіл автокөліктер де, жүк көліктері де қатар жүреді. Бұл жергілікті тұрғындар үшін белгілі бір қиындықтар тудыруда. Біріншіден, жол бойында орналасқан үй тұрғындарын күндіз-түні тынбайтын көлік дыбысы мазалайды. Екіншіден, тұрғындар үнемі жолды кесіп өтуге мәжбүр, ал бұл өте қауіпті.

Ауыл тұрғындарының мұң-зарымен танысқан Нұрлан Әуесбаев адамдардың қауіпсіздігі мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті. Айналма жол салу қажеттілігі анық. Не себепті әкімдік пен жол құрылысы басқармасы елді мекен тұрғындарының қажеттіліктерін елемей жүргені сұрақ тудырады. Үміткер бұл мәселені тез арада шешу қажеттігін белгіледі.

Кандидат  Мейрам Қажыкеннің сайлауалды үгіт-насихат науқаны жалғасуда.

25 қазанда ол үгіт-насихат жұмысы аясында жаңадан құрылған Ұлытау облысына келді. Мұнда кандидат Қ. И. Сәтбаев атындағы (Kazakhmys корпорациясы құрамына кіреді) Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының еңбек ұжымымен кездеседі. Сондай-ақ, ол еліміздегі ең ірі салалық кәсіподақтардың бірі "КәсіпҚорған" мүшелерімен кездесу өткізеді.

Ұйым құрамында тау-кен металлургия кәсіпорындары мен аралас өндіріс орындарының қызметкерлері бар. Үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілері жайлы баяндап, кейбір басым бағыттарына толығырақ тоқталды. 

Бөлісу: