Ұлытаудың жаңа әкіміне қандай міндеттер қойылғаны белгілі болды

9 Қазан, 11:16 548

Президент тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Ұлытау облысының активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр облыс активімен кездесуде Берік Әбдіғалиұлына өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа әкім Дастан Адайұлы Рыспековті таныстырды.  

Олжас Бектенов мемлекет басшысы Ұлытау облысы басшылығының алдында экономиканы әртараптандыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ экология мәселелерін шешу, көлік және туристік әлеуетті барынша дамыту бойынша маңызды міндеттер қойғанын атап өтті.

Айта кетейік, мемлекет басшысының жарлығымен Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалғаны туралы жазғанбыз

Мадина Асылбекова
Бөлісу: