Ұлытау облысы Ұлытау ауданынан 25 шақырым жердегі Стандарт қыстағының маңында жеңіл көлік жолда тұрып қалған. Белгілі болғандай, ішінде 4 жолаушысы бар автокөлік бұзылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентігі.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу шығып, жолда қалғандар Ұлытау ауылына эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Осы ретте төтеншеліктер қандай да бір оқыс жағдайда шұғыл түрде 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.