Ұлытауда кірпіш шығаратын зауыт 5 ай бойы жұмыс істемеген

22 Қаңтар, 23:45 695

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокурорлық қадағалау кәсіпкерлердің, оның ішінде инвесторлардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қадағалау басымдықтарының бірі - инвестордың алдында тұрған мәселелерді жедел шешу.

Осы жұмыс аясында облыс прокуратурасы 1,5 млрд теңгеге кірпіш зауытын салған инвестордың («Талап 2023» ЖШС) құқығын қорғады.

Инвестор зауытты шикізатпен (балшықпен) қамтамасыз ету үшін Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне «Талап» кен орнында саз өндіру жобаларын келісу туралы өтініш жолдаған.

Алайда Департамент инвесторға саз өндіру жұмыстарын мақұлдаудан негізсіз бас тартқан.

Сондықтан Жезқазған қаласында салынған кірпіш зауыты 5 айдан астам уақыт қажетті шикізатсыз тұрған.

Облыс прокуратурасының араласуынан кейін инвесторға саз өндіруге лицензия беріліп, оның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Егер Сіз инвестор болсаңыз және Сізде жобаны жүзеге асыруда проблемалар туындаса, облыс прокуратурасының кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ арқылы прокуратураның қызметкерімен тікелей байланыса аласыз (байланыс нөмірі +77781991100).

Баян Әжмұхан
Бөлісу: