Ұлытауда адам өлтірмек болған екі қаскөй қолға түсті

21 Қыркүйек 2023, 03:05 932

Адам өлтіруге оқталғаны үшін үш жыл іздеуде жүрген күдіктілерді Ұлытау облысының полицейлері ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлытау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысындағы әріптестерімен бірлесіп Жезқазған қаласының тумалары 31 және 35 жастағы екі ер адамды ұстады.

Ұсталғандар 2020 жылы маусым айында Қарағандыда екі адамды өлтіруге қастандық жасады деп күдіктелуде. Тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында күдіктілер жәбірленушілермен жанжалдасып, сол кезде олар бірнеше оқ атып, қашып кеткен. Оқ жарақатынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілген. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, - деді облыстық ПД бастығы Қайыркен Әлиев

Берік Арманов
Бөлісу: