Ұлытауда 10 тонна дизель майын ұрлағандар ұсталды

24 Қаңтар 2023, 09:26 1039

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Ұлытау облысының полицейлері 10 тонна дизель майын ұрлаудың жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлытау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында Сәтбаев қаласындағы жеке аумақта темір контейнерлер (бөшкелер) тиелген жүк көлігін ұстады. Сонымен қатар полицейлер кәсіпорынның екі қызметкерін және Сәтбаев қаласының екі тұрғынын ұстады.

Аталған тұлғалар жанар-жағармай жеткізумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтіні анықталды. Сондай-ақ тасымалдау жасау кезінде күдіктілер жүктің бір бөлігін жүйелі түрде ұрлап, жұмыстан кейін оны одан әрі сату үшін арнайы жабдықталған жәшіктерге салынған контейнерлерге құйған. Оқиға орнында полицейлер 35 металл бөшке мен екі цистерна тапты – олардың барлығына жалпы салмағы 10 тонна дизель отыны құйылған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 8 миллион теңгені құрады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың сыбайластарын анықтап жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: