Олжас Бектенов Ұлытау облысында шахтадағы апат салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыста Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды.
Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз, – деп атап өтті премьер-министр.