Ұлытау облысының тұрғындарына орманда жүруге тыйым салынбақ

25 Маусым 2023, 21:46 1061

Жергілікті әкімдік өрт қауіпті кезеңнің  басталуына байланысты ұлытаулықтарға орманға баруға тыйым салмақ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы облыс әкімдігінің тиісті қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Жоба 11 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Жеке тұлғалардың ормандарды аралауына және орманға көлік құралдарының кіруіне, сондай-ақ Ұлытау облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезеңде жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуіне шектеулер енгізілуде, - делінген хабарламада.

Перизат Саденова
Бөлісу: