Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы Кенжебайсамай ауылынан 45 км жерде жанған құрғақ шөп сөндірілді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Қызыл жалынды сөндіруге ТЖД құрамынан 45 адам және 12 техника жұмылдырылды.
30 шілдеде басталған өрт 31 шілде сағат 06:15-те өрт сөндірілді. Өрт аумағы 1500 гектарды құрады.
Елді мекенге қауіп төнген жоқ.
Ұлытау облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.