Ұлытау облысында ТЖД қызметкерлері түрік азаматына көмек көрсетті

7 Қыркүйек 2023, 04:44 835

Оқиға Жезқазған – Есіл - Петропавлск  республикалық тасжолының 240 шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан Түркия Республикасының азаматы «Scania» маркалы жүк көлігімен жолда қалып қойған. 

Ұлытау ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған түрік азаматын трактордың көмегімен жолдан шығуға көмектескен. Түрік азаматына медициналық көмек қажет болмады.

Берік Арманов
Бөлісу: