Оқыс оқиға кезінде локомотив бригадалары орташа жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметінше, 15 қазанда сағат 10:10-да Сарысу разъезі маңындағы жеке жолдарда жеке меншікке тиесілі тепловоз бен локомотив соқтығысқан. Нәтижесінде бес бос вагон мен тепловоз аударылды.
Оқиға басқа пойыздар қозғалысына және магистральдық желі жұмысына әсер етпеген.