Ұлытау облысында шенеуніктер мәдени іс-шаралар ұйымдастырамыз деп қыржы жымқырған

Бүгiн, 12:00 258

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Жезқазған қалалық соты облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Омар Ә., оның қарамағындағылар – тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Сарбаеваға, «Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысы Г. Жолашароваға және «Тілдерді дамыту ресурстық орталығы» КММ басшысы Ж. Оспановаға, сондай-ақ жеке компанияның өкілі О. Талғатқа қатысты үкім шығарды.

Олар Жезқазған қаласында 3,9 млн теңге сомасына мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде қосымша келісім жасасу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Омар 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылса, оның қатысушыларына 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: