Ұлытау облысында прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

23 Қыркүйек, 21:01 317

Ұлытау облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің жолданымдарын қарау кезінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтқанда, балабақшаларды дотациялау мәселесін зерделеу барысында Жезқазған қаласының Білім бөлімі «Алтын бесік», «Шапағат», «Мирас», «Дария» балабақшаларына орындалудағы шарт шеңберінде қаражат төлемегені анықталды.

Облыс прокуратурасының Ұлытау облысының білім басқармасына енгізілген ұсынуынан кейін ғана 220 балаға бөлінген 12 млн теңге кәсіпкерлерге төленді.

Басқа жағдайда, Ұлытау облысының Мемлекеттік кірістер департаменті «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарын бұзып кәсіпкердің құқықтарын шектеген.

Департамент мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған орындалған жұмыс актісіне қарамастан, кәсіпкерге жеткізілген тауар үшін төлемді 4 ай бойы аудармағаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерге қаражат толық көлемде төленді.

Жауапты тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасуда және облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.

Перизат Саденова
Бөлісу: