Ұлытау облысында мемлекетке 218 млн теңге қайтарылды

28 Қазан, 14:04 365

Облыстық прокуратура мәліметінше, прокурорлық тексеру барысында Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жоғарылатылған баға бойынша құрылыс жұмыстары қабылданған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы 218 млн теңгені құрады. Прокурорлық ден қою шараларымен бұзушылықтар жойылды. Бөлімнің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 371-бабы бойынша жауапқа тартылды (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық), - делінген мәліметте.

Бүгінгі таңда аталған сома мемлекет кірісіне өз еркімен қайтарылды.

EL.KZ
Бөлісу: