Ұлытау облысында көлік батпаққа батып қалған

Кеше, 22:50 498

ТЖМ құтқарушылары бір тәулік бойы балшықта кептеліп тұрып қалған жолаушыларға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлытау облысының Ұлытау ауданына қарасты Борсенгір ауылдық округінде жол талғамайтын автокөлік балшыққа батып қалып, тұрғындар бір тәулік бойы өздігінен шығара алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

ТЖМ құтқарушылары өтімділігі жоғары техника көмегімен көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Көлікте болған үш жолаушы сапарын әрі қарай жалғастырды. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.

Асқар Таудай
Бөлісу: