Ұлытау облысында далада қалған үш жергілікті тұрғын құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеше кеште ТЖМ құтқарушылары Жезқазғаннан 40 шақырым жерде далада тұрып қалған Талап ауылының үш тұрғынын эвакуациялады.
Белгілі болғандай, күндіз олар көлікпен мал іздеуге аттанып, бірақ көлік құралының ақаулығына байланысты орала алмай қалған.
112 қызметіне болған жайтты хабарлап, фермерлер көмекке жүгінді. Зардап шеккендер елді мекенге аман-есен жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ азаматтарға автомобильдің жарамдылығын үнемі тексерудің қажеттігін қаперге салады.