Ұлытау облысында бақшасында есірткі өсірген тұрғын ұсталды

15 Тамыз 2023, 16:02 700

Ұлытау облысында бақшасында есірткі өсірген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция дерегінше, 21 шілдедн “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өз үйінің бақшасына есірткі заттарын заңсыз егіп-өсірген Ұлытау ауданы Жезді кентінің 47 жастағы тұрғынын анықтады.

Тексеру кезінде үйдің бақшасында 168 бұта каннабис өсімдігі тәркіленді. Үйдің ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті заттар оралған бес газет қиындысы табылды.

Сонымен қатар тінту барысында екі есірткі шегуге арналған құрал және 12 калибрлі мылтықтың алты оғы табылды. Сараптама тағайындалып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: