Ұлытау облысында алаяқ келіншек ұсталды

19 Мамыр 2023, 01:29 768

Сәтбаев қаласының ПБ кезекші бөліміне әлеуметтік желі арқылы бұғатталған шоттарды шешіп беремін деп 65 мың теңге алған алаяқтық әрекет туралы арыз түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мұндай арыздар Сәтбаев қаласының тұрғындарынан одан кейін де түскен.

ҚР ІІМ мәліметінше, полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетпен айналысқан 29 жастағы келіншекті ұстады.

Күдікті әлеуметтік желі арқылы екінші деңгейлі банктерде бұғатталған есепшоттарды шешіп беремін деген желеумен жарнама беріп, бұл ақпаратқа сенген қала тұрғындарынан ақша алып отырған, - делінген полиция таратқан мәліметте.

29 жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 9 млн теңгеден асты.

Күдікті қылмысын мойындады, іс сотқа жолданды.

Берік Арманов
Бөлісу: