Ұлытау облысын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 6,7 млрд теңге бөлінеді

11 Қараша 2022, 04:15 1597

Аталған сома жаңадан құрылған облыстағы 2 жобаны жүзеге асыруға бағытталады

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттен өңірлердегі халықты таза сумен қамтамасыз ететін жобалар қолға алынады, деп хабарлайды El.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап. 
Мемлекет басшысы 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырғаны белгілі. 
Жүйелі жұмыстарды жалғастыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте аталған өңірлердегі халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға қажетті қаражат қарастырылған. Мәселен, 2023 жылы Павлодар облысында жүзеге асырылатын 28 жобаға 12,2 млрд теңге қарастырылса, 6,7 млрд теңге Ұлытау облысындағы 2 жобаны жүзеге асыруға бөлінбек.
Осы міндетті орындау мақсатында құзырлы ведомство су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу мақсатында бірқатар нақты шешім қабылдадық деп отыр. 
Бұл бағытта бүгінде ілкімді істер ілгерілеп, күрделі мәселе өңірлерде оң шешімін тауып келеді. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар және Ұлытау облыстары тұрғындарының 95 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысындағы қала халқының 95 пайызының, ауыл тұрғындарының 94,1 пайызының таза ауыз суға қолы жетіп отыр. Ал Ұлытау өңіріндегі қалалықтардың 99,9 пайызы және ауылдық елді мекен тұрғындарының 93,5 пайызы сапалы сумен толыққанды қамтамасыз етілген.
Жүйелі жұмыстарды жалғастыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте аталған өңірлердегі халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға қажетті қаражат қарастырылған. Мәселен, 2023 жылы Павлодар облысында жүзеге асырылатын 28 жобаға 12,2 млрд теңге қарастырылса, 6,7 млрд теңге Ұлытау облысындағы 2 жобаны жүзеге асыруға бөлінеді.

EL.KZ
Бөлісу: