Ұлытау әкімі металлургтерді кәсіби мерекемен құттықтады

20 Шілде, 05:28 791

Шілденің үшінші жексенбісінде Қазақстанда жыл сайын Металлургтер күні атап өтілетіні белгілі. Атаулы күнге орай Жезқазғанда облыс әкімінің қатысуымен бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мерекелік іс-шаралар  Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Парламент Сенатының депутаты Советбек Медебаев, металлургия өнеркәсібінің ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Кейін талған мамандық иелері арнайы ұйымдастырылған салтанатты жиында құрметке бөленді.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы металлургтер мен сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Жарты ғасыр ішінде мыс балқыту зауытында металлургтердің бірнеше буыны ауысты: еңбек әулеттері, көптеген құрметті металлургтер, өндіріс озаттары және болашағы зор жастар өсіп келе жатыр. Қазірдің өзінде Жезқазған мыс балқыту зауытында 2100-ге жуық адам жұмыс істейді. Жалпы алғанда тұрғындардың көпшілігі «Қазақмыс» компаниялар тобының кәсіпорындарында қызмет атқарады. Сондықтан әсіресе Жезқазған және Сәтбаев қалалары тұрғындары үшін Металлург күні – бұл жай ғана кәсіби мереке емес. Жергілікті тұрғындардың күнтізбесіндегі маңызды күндердің бірі-деді өңір басшысы.

Іс-шара барысында металды қолға үйретушілер облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, «Еңбек ардагері», медалімен, III дәрежелі «Еңбек даңқы»төсбелгісімен, «Құрметті металлург» ордендерімен және басқа да наградалармен марапатталды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: