Ұлыбританияда Орталық Азиядағы энергетика саласы жөнінде форум өтті

4 Наурыз 2023, 17:20 1056

Форум барысында энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқылады

Лондон қаласында  «Орталық Азиядағы энергетика саласындағы өңірлік сауда және инвестициялар жөніндегі форум 2023» өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап. 

Форумды Орталық Азия елдерінің үкіметтері, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің үкіметі және Дүниежүзілік банк бірлесіп ұйымдастырды. Форумның мақсаты өңірлік электр энергиясы саудасының неғұрлым тиімді тетіктерін дамыту, өңірлік ынтымақтастықты жақсарту және көміртекті-бейтарап экономикаға көшуді қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірілген іс-қимылдарды айқындау болып табылады.

Іс-шараға Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикалары премьер-министрлерінің орынбасарлары мен министрлері, Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік хатшының орынбасары (Ұлыбритания), сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен іскер топтардың өкілдері қатысты.

Қазақстан делегациясының құрамына ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен елдің жетекші энергетикалық ұйымдарының өкілдері кірді.

Сондай-ақ іс-шара барысында ҚР Энергетика вице-министрі ағымдағы жағдай туралы және Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы айтты.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ағымдағы күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ энергетика секторын дамытудың стратегиялық бағыттарын талқылады.

EL.KZ
Бөлісу: