Ұлыбританияда киіз үйі туризмі белсенді дамып, саяхатшыларға глэмпингтің ерекше тәжірибесін ұсынуда. Бұл туралы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич «Kazakh Tourism» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қайрат Сәдуақасовтың «Born Bold. Travel Boldcast» авторлық подкастында айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дипломат сұхбатында тұрақты туризмнің және табиғатқа ең төмен деңгейде әсер ететін глэмпинг тұжырымдамасының маңыздылығын атап өтті.
Туризмнің тұрақтылығы – осы саладағы маңызды мәселелердің бірі. Менің ойымша, табиғатқа әсері төмен туризмнің бірнеше түрі бар. Шындығында, біз Қазақстаннан маңызды концепцияны - тұтас киіз үй глэмпингі, яғни сәнді кемпинг идеясын өзімізге қабылдадық. Ол киіз үйлерді қамтиды және Ұлыбританияда танымал болып отыр, – деп атап өтті Кэти Лич.
Қазақтың киіз үйлері Ұлыбританияда кеңінен қолданылуда. Бұл шетелдіктерге табиғатпен үндесуге ғана емес, қоршаған ортаға пайдасын тигізеді.. Елші осындай жобалардың туризмді тұрақты әрі экологиялық қауіпсіз етуге көмектесетінін айтты.
Енді Ұлыбританияда сәнді кемпинг пен үлкен қонақүй салудан гөрі табиғатқа аз әсер ететін әдемі жерлерде болу мүмкіндігін ұсынатын киіз үйлер бар. Менің ойымша, киіз үй — бұл табиғатқа әсері төмен тұрақты туризмнің керемет үлгісі, – деп қосты ол.