Ұлттық жастар онкүндігінің төртінші күні білім мен ғылымға арналды

7 Тамыз, 19:42 478

Қазақстанда жастар күніне арналған ұлттық онкүндік жалғасуда. Төртінші күн білімге, ғылымға және интеллектуалды дамуға арналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барлық өңірлерде жастардың оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру үшін іс-шаралар ұйымдастырылды: зияткерлік конкурстар, кітап көрмелері. Сондай-ақ белгілі ғылым және білім қайраткерлерімен кездесулер өтті.

Жалпы акция аясында 6000-нан астам жас қазақстандықтар қамтылды.

7 тамыз - ұлттық онкүндіктің бесінші күні. Бүгін «Мейірімділік мекені» акциясы аясында қазақстандық жастарды қайырымдылық және волонтерлік мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыруда.

Перизат Саденова
Бөлісу: