Ұлттық ұлан жауынгерлері есірткі затын тәркіледі

4 Ақпан, 16:35 673

Ұлттық ұланның Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінің жауынгерлері қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қырағылық танытты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға ағымдағы жылдың 3-ақпан күні орын алған. 6656 әскери бөлімінің   патрульдік топ бастығы қатардағы  Ералы  Еламанов  өзінің серіктестерімен  бірге белгіленген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жауынгерлік қызметін атқарып жүреді. Кешкі сағат 21.30 шамасы кезінде, жедел басқару орталығынан 3- шағын ауданында орналасқан  №112 үй маңында күдікті азаматтың белгісіз зат жасырып жатқаны туралы  хабарлама түседі.

Ақпаратты естіген әскери топ бастығы өзінің серіктестерімен бірге  оқиға орнына қарай дереу бет алады. Оқиға орнына келген сәтте берілген хабарламаға  сәйкес адамды көріп әскери топ бастығы күдіктінің қасына жақындап келіп, өзін таныстырып сыртқы тінту жұмыстарын жүргізеді.

Тінту жұмысы барысында күдіктіден өзіндік өткір иісі бар, «марихуана» тәріздес шөп табылады. Ұландықтар оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырып, күдіктіні Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізеді. Қазіргі таңда аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 296 бабына сәйкес  қылмыстық іс жүргізілуде.

Жансая Әділбек
Бөлісу: