Ұлттық ұлан сарзбаздары 101 жастағы соғыс ардагерін құттықтады

Кеше, 10:49 368

Ғасыр жасаған ардагер Рзағұл Байкешевтің ауласында соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, ардагер тұратын үйдің алдынан шеру жасап өтті.  

Майдангер ақсақалды Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, сый-сияпат табыстады. 

Рзағұл Байкешев 17 жасында майданға аттанған. 

Ол Ресейдің Калинин облысында, Рыжов және Великий Луг қалалары маңындағы шайқастарға қатысты. 

Рзағұл Байкешев ерлігі мен батырлығы үшін І және ІІ  дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және «Маршал Г. К. Жуков» атындағы медальмен марапатталған.

Перизат Саденова
Бөлісу: