Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққандар ұсталды

25 Қыркүйек, 22:37 399

Астанада Ұлттық ұланның бұрынғы сарбазын соққыға жыққан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталды.

Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.

Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды. Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: