Ұлттық ұлан сарбазын белгісіз біреулер ұрып-соққан

24 Қыркүйек, 13:16 300

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның әскери киімдегі жігітті соққылап жатқан сәтінен видео таралды. Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ҚР Ұлттық ұланының формасын киген азаматқа азаматтық киімдегі белгісіз тұлға қорлық көрсетіп жатқан бейне анықталды. 2024 жылғы 23 қыркүйекте «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Әскери полициясы ҚР ҚК 440-бабы 1-бөлігі «Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп жауап берді Ұлттық ұланының «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: