Жыл басынан бері Ұлттық ұлан қызметкерлері түзеу мекемелеріне 140 ұялы телефонды өткізу әрекеттерін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта Ұлттық ұланның қарауылдау және әскери жасақ бақылаушылары Қазақстанның қылмыстық-атқару мекемелерін қорғауда. Күн сайын осы мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазасын өтеушілердің тәртібін бақылау үшін 2 мыңға жуық әскери қызметші кезекшілік атқарады.
Биыл күзет қызметі мен әскери жасақ бақылаушылары тыйым салынған заттарды өткізудің 20 оқиғасын болдырмады. 140 ұялы телефон, 152 SIM-карта, 45 пышақ пен өткір құрал, 420 грамнан астам марихуана, 20 литр спирттік сусындар тәркіленді. 17 заң бұзушы ұсталып, тергеу-жедел топқа тапсырылды, - делінген мәліметте.