Ұлттық ұлан қызметкері Иорданияда күміс жүлде иеленді

19 Тамыз 2023, 11:56 907

Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұлан жауынгері Амманда күміс жүлде алды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі

Иордания астанасында еркін күрестен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп, онда Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. 

Ол төрт жекпе-жекте жеңіске жетті. Осылайша финалға жолдама алған ол Ираннан келген спортшыға есе жіберіп, біріншіліктің күміс медалін иеленді.

Асқар Таудай
Бөлісу: