Ұлттық ұлан офицері күштік сайыста ел рекордын жаңартты

18 Қыркүйек, 21:05 449

Қарағандыда “Алтын Батыр” күштік спорт түрлері бойынша ашық әлем кубогы өтті. Спорттық додада Ұлттық ұлан офицері күштік сайыста ел рекордын орнатты, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Күштік сайысқа Үндістан, Греция, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстаннан 200-ден астам спортшы қатысты.

Жарыста “Strong man” командасының құрамында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің офицері Сұлтан Абдулмаликұлы да бақ сынады. Мықты қарсыластармен шиеленісті жекпе-жекте Сұлтан Абдулмаликұлы жоғары шеберлік, мызғымас ерік және нағыз спорттық шеберлікті көрсетті.

82,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыстың қорытындысы бойынша ол бірден спорттың екі түрінен бірінші орынды иеленді.  

Айта кету керек, спорттың әскери басу – өз салмағын бірнеше рет қайталау түрінде 28 қайталау нәтижесімен әскери қызметші Қазақстан рекордын орната алды.

Біз әскери қызметшілерміз, дене шынықтыруды үнемі қолдап, спортпен шұғылдануымыз керек. Күнделікті жаттығулардың арқасында мен бүгін осындай нәтижеге қол жеткіздім, – деді офицер.  

Зарина Арман
Бөлісу: