Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының бірінші курс курсанттары жаппай төбелес ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Академия баспасөз қызметінің мәліметінше, курсанттар арасындағы кикілжің себептері анықталып жатыр.
Оқиға салдарынан бірнеше курсант жеңіл дене жарақаттарын алды – олардың денелері жырылып, көгерген. Қажетті медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді, ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болмады, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.