Ұлттық спортта өзгеріс: Жаңа логотиптер жасалды

24 Қаңтар, 11:49 1406

«Ұлттық жəне ат спорты түрлері орталығы» РМҚК  жаңа логотипін таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Логотипте орталық құрамына енген 11 ұлттық спорт түрі толық қамтылған. Әрбір символдың өзіндік мағынасы бар. Ендеше, ребрендингтің толық сипатымен таныс болыңыздар.

Жаңа логотиптің негізгі бейнесі ат тағасымен байланысты. Ішкі төрт бөлігі әрбір ұлттық спорт түрлеріне баса назар аудартады.

 

  

Логотиптің негізгі элементі – жылқы. Ұлттық танымымызда жылқының орны ерек. Оның үстіне ұлттық спорттың басым бөлігі ат спорты. Сондай-ақ, тағаның астынғы беті иілген садақпен бейнеленген. Ал, жебе ішкі белгілерді бөледі.

Жылқының бейнесі  ат спортының бес түрін - аударыспақ, бәйге, теңге ілу, жамбы ату, көкпарды бейнелейді. Жылқының жүгенін ұстап тұрған қол жануардың табиғатын және адаммен байланысын білдіреді.

Қолға қонған қыран құс «Құсбегілік» спортының символы. Саятшылық өнер логотипке табиғат пен еркіндік элементін қосып, оның көшпелі өмір салтымен байланысын нығайтады.

                                                       

 

«Асық ату» ойынындағы асық элементке қозғалыс пен динамика береді, дегенмен ол көлденең позицияда жиі көрсетіледі. «Асығың алшысынан түссін» деген мағынаға келіп саяды.

                                                             

 

Қазақ күресінің спорттық формасы (берен) қысқа жеңдерімен, жиектері бойынша сызықтармен және иықтан кеудеге дейін тік сызықтармен, сондай-ақ қазақи ою-өрнектерімен ерекшеленеді.

                                                

Садақ пен жебе дәстүрлі садақ ату мен Жамбы ату спортының белгісі.

 

Тағаның ішіндегі тоғыз нүкте  тоғызқұмалақ үстел ойынындағы тоғыз шарды бейнелейді.

Орталық нүктеде орналасқан ою-өрнек  қазақтың жекпе-жек түрінің маңыздылығын және жекпе-жекке арналған алаңды  нақты көрсетеді.

                                                      

                                                           

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: