Ұлттық құрылтайда елге ортақ үлкен мәселелер көтеріледі – Еділ Жаңбыршин

14 Наурыз, 12:59 818

Атырауда 15 наурыз күні Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтеді. Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен құрылтай Ұлытау мен Түркістан облыстарында өткен еді. Жыл сайын Ұлттық құрылтайдың мүшелері жаңарып, толықтырылып отырады. Биылғы Ұлттық құрылтайдың Мәдени-рухани секциясында сөз сөйлейтіндердің қатарында мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин де бар. Депутат биылғы құрылтайдың ерекшелігі жөнінде айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Атырау Алтын орданың астанасы болған Сарайшық қаласы орналасқан тарихи өңір. Осы жағынан символдық мәні бар. Құрылтайда елге ортақ үлкен мәселелер көтеріледі. Өздеріңіз білетіндей, алдыңғы құрылтайларда дінге, вейптерге, лудоманияға, зорлық-зомбылыққа және өзге де өзекті тақырыптар қозғалып, заң жобасы дайындалып, Сенаттың қарауына берілді. Биыл да елді көп толғандырып жүрген тақырыптар мен рухани, экономикалық, әлеуметтік мәселелер талқыланады, - дейді мәжілісмен. 

Атыраудағы Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы бүгін басталды. Құрылтай отырысы екі күнге созылады. Ертенгі отырысқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қатысады.

Шараның бірінші күнінде азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым мен әлеуметтік-экономика және аймақтық даму тақырыптары көтеріліп жатыр. 

Ұлттық құрылтайдың мәдени-рухани секциясында жұмыс істеймін. Ол жерде қазақтың салт-дәстүріне, руханиятына қатысты мәселелер талқыланатын болады, - дейді Еділ Жаңбыршин.

Миражан Махан
Бөлісу: