Ұлттық құрылтайда айтылған мәселелер мен бастамалар

Бүгiн, 13:13 151

Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда қоғам белсенділері жұмыс секцияларында және пленарлық отырыста түрлі мәселелер мен бастамалар көтерді.

Олар негізінен экономикалық реформалар, әлеуметтік саяси бағытта сондай-ақ “Заң және тәртіп” қағидатын нығайту бағыттарында болды.

Екі күнге жалғасқан жиында құрылтай мүшелері ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелерді талқыға салды.

Мәселен, мәдениет және ақпарат министр Аида Балаеваның айтуынша, құрылтайдың 100-ден астам мүшесі қатысып, талқылаулар барысында 120-дан аса ұсыныс түскен. 

Ұлттық құрылтай – демократиялық дәстүрдің жаңа бір көрінісі ретінде, ел ішінде сөз сөйлейтін, бірақ парламент пен мәслихаттар құрамына кірмейтін 117 азаматты біріктіретін алаң болып табылады. Қазақ тарихында құрылтайларды шақыру дәстүрі ежелден қалыптасқан. 1269 жылы Талас өзенінің жағасында өткен Ұлы құрылтай қазақ халқының мемлекеттік негіздерін қалыптастырып, Алтын Орда мемлекетін құрды. Ал 1917 жылғы Алаш партиясының негізі мен Алаш автономиясының жариялануы да құрылтай арқылы іске асқан маңызды оқиғалар еді.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: